Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Мемлекеттік сыртқы қарыздар және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру бойынша есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі №211 қаулысының 1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші, 5-ші, 6-ші, 7-ші нысандарына сәйкес «Орта білім беруді жаңғырту» жобасының қаражаттарды игеру туралы есебін және сараптамалық есепті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіне ай сайын және тоқсан сайын тапсырады. Жыл сайын жобаның қаржы есептері бойынша міндетті аудит өткізіледі.

Осылайша, 2018 жылдың желтоқсан айынан 2020 жылдың қаңтар айына дейін Жоба барлығы 18 есепті тапсырды. Қазынашылық комитетіне – 13, Қаржы министрлігіне – 5.

Соған қоса, жобаның басталғанынан бастап Дүниежүзілік Банк жобаның іске асырылуын қадағалауда.

Дүниежүзілік банктің ресми парақшасында жобаның портфолиосы бар (сілтеме). Сол жерде қаражаттың қозғалысы мен игерілуі туралы ақпарат, сатып алу жоспары, көрсеткіштер және де аралық пен жылдық есептер берілген.

Жобаның Фейсбук әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жобаның 2019 жылдағы нәтижелері жарияланды (сілтеме).

gallery/мон fb пост вариант 2 (1.3. два мерп)