ЖОБА КОМПОНЕНТТЕРІ

      1-компонент: «Бастауыш және орта білім беру жүйесін жетілдіруді қолдау» білім стандарты, стратегиясы және бағдарламасын жаңғырту, бағалау жүйелерін білім берудің жаңартылған мазмұнына сәйкес келтіру және педагогикалық білім беруді жаңғыртуға бағытталған.

     Осы компонент аясында келесі бағыттар бойынша іс-шаралар жүзеге асады:

  • Білім берудің мазмұнын жаңғырту.
  • Бағалау жүйелерін білім берудің жаңартылған мазмұнына сәйкес келтіру.
  • Педагогикалық білім беруді жаңғырту.

      2-компонент: «Оқыту нәтижелеріндегі алшақтықты қысқарту үшін ауылдық және осал мектептерге қолдау көрсету» нұсқаулық материалдарға қолжетімділікті, мультимедиялық жабдықпен қамтамасыз ету мен педагогикалық және басқарушылық әлеуетті арттыру арқылы ауылдық және осал мектептер оқушыларының оқу үлгерімін арттыруға әрі инклюзивті білім беруді қолдауға бағытталған.
     Осы компонент аясында келесі бағыттар бойынша іс-шаралар жүзеге асады:

  • Ауылдық мектептерге нұсқаулық материалдар мен мультимедиялық жабдықтар беру қамтамасыз етілетін болады.
  • Педагогикалық және басқарушылық әлеуетті арттыруға бағытталған техникалық көмек және оқыту өткізу көзделеді.
  • Инклюзивті білім беруді қолдау.

       3-компонент: «Азаматтарды тартуды қолдау, мониторингілеу және бағалау, жобаны іске асыруға жәрдемдесу».

 

 

gallery/2модернизация среднего образования
gallery/3модернизация среднего образования
gallery/4модернизация среднего образования